EAS құрылғысы туралы ақпаратты қарау

EAS құрылғысы туралы ақпаратты қарау үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Жұмыс аймағында EAS құрылғыларын басқару протоколы түрі бойынша сүзіңіз (Exchange ActiveSync (EAS) сілтемесі бойынша).
  3. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Нәтижесінде, EAS құрылғысы сипаттары терезесі ашылады.

Ұялы құрылғы сипаттары терезесінде қосылған EAS құрылғысы туралы ақпарат көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу